E-mail: [email protected] 9 ˜АЗАН, Д˚ЙСЕНБІ TWITTER.COM ...Анар ТЛЕУХАН ЫЗЫ...

36
–––––––––––––––––––– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлектері- мен кездесті, деп хабарла- ды Президенттің баспасз қызметі. –––––––––––––––––––– №193 (29174) 9 ҚАЗАН, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТАҒАЙЫНДАУ ХРОНИКА АТАЖҰРТ: АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АТАУЛАР САЯСАТ 4-бет ӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РУХАНИЯТ 3-бет ҚҰЖАТТАР КӨРМЕСІ 6-бет 7-бет ҚЫРҒЫЗСТАН: ХАЛЫҚ КІМДІ ТАҢДАЙДЫ? АЗАПТАН ТУҒАН АҢСАР ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ ҰЙЫМДЫ ҰЙЫСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР ИДЕЯЛАР ҚОРЛАУ ЕМЕС, ҚОЛДАУ КҮТЕДІ 6-бет Нұрлан СЕЙДІН Анар ТЛЕУХАНҚЫЗЫ 4-бет EUR/KZT 402.22 USD/KZT 343.66 RUB/KZT 5.95 CNY/KZT 51.65 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлектерімен кездесті, деп ха- барлады Қазақстан Президентінің баспасз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан» Сонадайдан жалғыз ұлын солдатқа жіберіп, соның жолын тосып отырған ақсақалдай болып Сауысқандықтың сұлбасы көрінеді. Жақындап барып қарасаңыз, бұжыр-бұжыр болған қара тас шынында да қарияның бейнесін көз алдыңызға əкелер еді. Тағдырдың теперіші бетін əжіммен аямай айғыздаған, даланың долы желі жүзін от қарпығандай қап-қара қылып жіберген, биік болса да, еңсесі еңкіш тартқан, өмірдің дауылы мен жауынына əбден көндіксе де, мылтық асынып кеткен жалғызының тілеуін тілеп, аман оралуын Жаратқаннан жалбарына сұрап жатқандай. Сауысқандық – қазыналы қарт. Етегінде ықылым заманда өмір сүрген бабалардың ізі сайрап жатыр. Оны біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықта салынған таңбалы тастардан айқын көресіз. Тас жəне қола дəуірінде қашалған таңбалардың бүтін күйінде бізге жеткенінің өзі адамды таң қалдырады. Өркениеттің өркешіне жармаспақ түгіл, адами затыңыздың енді қалыптасып жатқан тұсында Ұлы Далада өмір сүрген бабалардың мына бізге қалдырған қолтаңбасы ғой бұл. Қолтаңба қалтарыста қалып қоймауы қажет. Ол – аманат. Ал аманатқа қиянат жүрмесе керек. Сонымен біз бұ жолы Қаратаудың ішін шарлап жүрміз... Кітән ұшқан Жаңақорған ауданының Талап ауылы Қаратаудың қолтығында жатыр. Іргедегі су қоймасын айналып өтіп, жонға шықсаңыз, арғы жағы тау. Қыз бұрымындай шұбатылып ағып жатқан Бесарық өзенін белінен олай бір, бы- лай бір басып келеміз. Сол қапталда Бүркіттің сайы қалды. Сай үш таудың ортасында орналасқан. Шамамен, қозыжайылымдық жерді алады. Осы арада бүркіт еркін қалықтап ұшқаннан соң жергілікті жұрт солай атап кет- кен. Оң жағымыздағы – Тарсай. Одан əрі өтсеңіз, Ақмырзаның қыстауы бар. Айтпақшы, 1978 жылы əлгі қыстауға Тəжікстаннан бір қазақтар келіпті. Айтуларынша, аталары қуғын- сүргінге ұшырап, байтал түгіл бас қайғы болып үдере көшкенде осы жерге бар алтындарын көміп, тас- тап кетіпті. Бұ дүниемен қоштасып бара жатқанында қария балаларына осы оқиғаны айтыпты. Дəл сол кезде жаңағы су қоймасының құрылысы жүріп жатыр екен. Бүкіл ауыл жер қа- затын тракторды алдына салып алып, қыстауға барады. Қопарып қазады. Алтын тұрмақ, бақыр да табылмапты. Əсілі, аталары айтқан тұсты дұрыс түсінбеген ғой. Əйтпесе бақиға кетер кісіге өтірік айтып не керек? Тіп-тік, жақпар таудың көз ұшындағы анау үңгірді «Кемпір өлген» деп атайды. Ашаршылық за- манында таудың ішінде бидай өскен екен. Оны естіп жан-жақтан адам- дар келе бастаған. Бірақ көбі жол- да қырылған. Сондай бір топ адам Кентау жағынан шығыпты дейді. Жолда барлығы қырылып, жалғыз кемпір жетіпті. Дегенмен оның өзі жақпар таудан төмен түсетін жол таппай, ақырында жаңағы үңгірге келіп жығылып, сол арада жан тəсілім қылыпты. Содан бері «Кемпір өлген» аталады бұл ара. Бидайлыққа жеткендер де болыпты. Жеткенін қайтейік, шикі бидай аш өзектеріне түсіп, тоқшылықты да көтере алмай қырылып кеткендердің бетін та- лай адам таспен жапқан екен. Небір зұлмат, небір қиямет замандардың куəсі ғой бұл Қаратау. Түйеде келе жатқандай теңселіп отырып «Кітəн ұшқан» дейтін жер- ге жеттік. Шыңына қарасаң, басың- дағы қалпағың түспесе де, қисайып қалатындай. Құзды қапталдап қос қыран қалықтай ұшады. Шаңқылдаған дауысы жартасқа ба- рып соғылып, құлағымызға анық жетеді. Бұл маңда бүркіттің ұясы ба- рын осыдан-ақ білуге болады. «Кітəн ұшқан» оқиғасының да тікелей бүркітке қатысы бар. Енді соны баян етейік. Бұл жағдайдың ел арасында екі нұсқасы бар. Ретімен айтқанда, былай өріледі. Ерте заманда Мүтəн деген кісінің Кітəн деген баласы болыпты. Өзі аңшы, саятшы, əншілігі бар, ат пен құсты қатар баптаған сері жігіт болғанға ұқсайды. Қатпар-қатпар Қаратау Мәскеу институты түлектерімен кездесті (Соңы 8-бетте) Кездесуге Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев, Ресей Федерация- сының Сыртқы істер министрі С.Лавров, Мəскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының рек- торы А.Торкунов, ERG компания- сы директорлар кеңесінің мүшесі П.Шодиев, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қ.Əбдірахманов қатысты. Əңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Мəскеу мемлекеттік халық- аралық қатынастар институтының мəртебесі ерекше екенін айтып, оның дипломаттар мен сыртқы саясат ведом- стволары қызметкерлерінің арасын- дағы беделі жоғары екенін атап өтті. – Мəскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты үнемі көпшілік білім алуға ұмтылатын айрықша оқу орны болды. Жастарымыз қазір де сонда оқығанды қалайды. Біз Мəскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтымен жəне Астанада фили- алы бар Мəскеу мемлекеттік универ- ситетімен тиімді байланыстар орнат- тық, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті мемлекет- аралық диалогты нығайту мəселесіне тоқталып, дипломатиялық кадрларды Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына тарту қажеттігін айтты. Кездесуге қатысушылар Астана- да өтіп жатқан Мəскеу мемлекет- тік халықаралық қатынастар инсти- туты түлектерінің IV халықаралық форумының ауқымдылығы мен оның елдеріміз арасындағы дипломатиялық байланыстарды күшейтудегі рөлін атап өтті. Сурет Президенттің баспасз қызметінен алынды Мемлекет басшысының Өкімімен Мүслім Мұхтарұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қыз- метінен босатылды. Мемлекет басшысының Өкімімен Оқас Базарғалиұлы Сапаров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Телефон арқылы сөйлесті ––––––––––––––––––––––––––– Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Феде- рациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сйлесті, деп хабарлады Қазақстан Прези- дентінің баспасз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, жоғары мемлекеттік лауазымында табысқа жете беруіне ниеттестігін білдірді. Əңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік жəне халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелерін талқылады.

Transcript of E-mail: [email protected] 9 ˜АЗАН, Д˚ЙСЕНБІ TWITTER.COM ...Анар ТЛЕУХАН ЫЗЫ...

  • ––––––––––––––––––––Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М ә с к е у м е м л е к е т т і к халықаралық қатынастар институтының түлек тері-мен кездесті, деп хабарла-ды Президенттің баспас�з қызметі. ––––––––––––––––––––

    №193 (29174) 9 ҚАЗАН, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

    1919 жылғы 17 желтоқсаннан

    шыға бастады

    ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

    РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

    ТАҒАЙЫНДАУ

    ХРОНИКА

    АТАЖҰРТ: АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АТАУЛАР

    САЯСАТ

    4-бет

    ӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

    РУХАНИЯТ

    3-бет

    ҚҰЖАТТАР КӨРМЕСІ

    6-бет

    7-бет

    ҚЫРҒЫЗСТАН: ХАЛЫҚ КІМДІ ТАҢДАЙДЫ?

    АЗАПТАН ТУҒАН АҢСАР

    ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ

    ҰЙЫМДЫ ҰЙЫСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР

    ИДЕЯЛАР ҚОРЛАУ ЕМЕС, ҚОЛДАУ КҮТЕДІ

    6-бет

    НұрланСЕЙДІН

    Анар Т�ЛЕУХАНҚЫЗЫ

    4-бет

    EUR/KZT 402.22 USD/KZT 343.66 RUB/KZT 5.95 CNY/KZT 51.65ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

    –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлектерімен кездесті, деп ха-барлады Қазақстан Президентінің баспас�з қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан»

    Сонадайдан жалғыз ұлын солдатқа жіберіп, соның жолын тосып отырған ақсақалдай болып Сауысқандықтың сұлбасы көрінеді. Жақындап барып қарасаңыз, бұжыр-бұжыр болған қара тас шынында да қарияның бейнесін көз алдыңызға əкелер еді. Тағдырдың теперіші бетін əжіммен аямай айғыздаған, даланың долы желі жүзін от қарпығандай қап-қара қылып жіберген, биік болса да, еңсесі еңкіш тартқан, өмірдің дауылы мен жауынына əбден көндіксе де, мылтық асынып кеткен жалғызының тілеуін тілеп, аман оралуын Жаратқаннан жалбарына сұрап жатқандай.

    Сауысқандық – қазыналы қарт. Етегінде ықылым заманда өмір сүрген бабалардың ізі сайрап жатыр. Оны біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықта салынған таңбалы тастардан айқын көресіз. Тас жəне қола дəуірінде қашалған таңбалардың бүтін күйінде бізге жеткенінің өзі адамды таң қалдырады. Өркениеттің өркешіне жармаспақ түгіл, адами затыңыздың енді қалыптасып жатқан тұсында Ұлы Далада өмір сүрген бабалардың мына бізге қалдырған қолтаңбасы ғой бұл. Қолтаңба қалтарыста қалып қоймауы қажет. Ол – аманат. Ал аманатқа қиянат жүрмесе керек.

    Сонымен біз бұ жолы Қаратаудың ішін шарлап жүрміз...

    Кітән ұшқанЖаңақорған ауданының Талап

    ауылы Қаратаудың қолтығында жатыр. Іргедегі су қоймасын айналып өтіп, жонға шықсаңыз, арғы жағы тау. Қыз бұрымындай шұбатылып ағып жатқан Бесарық өзенін белінен олай бір, бы-лай бір басып келеміз. Сол қапталда Бүркіттің сайы қалды. Сай үш таудың ортасында орналасқан. Шамамен,

    қозыжайылымдық жерді алады. Осы арада бүркіт еркін қалықтап ұшқаннан соң жергілікті жұрт солай атап кет-кен. Оң жағымыздағы – Тарсай. Одан əрі өтсеңіз, Ақмырзаның қыстауы бар. Айтпақшы, 1978 жылы əлгі қыстауға Тəжікстаннан бір қазақтар келіпті. Айтуларынша, аталары қуғын-сүргінге ұшырап, байтал түгіл бас қайғы болып үдере көшкенде осы жерге бар алтындарын көміп, тас-тап кетіпті. Бұ дүниемен қоштасып бара жатқанында қария балаларына осы оқиғаны айтыпты. Дəл сол кезде жаңағы су қоймасының құрылысы жүріп жатыр екен. Бүкіл ауыл жер қа-затын тракторды алдына салып алып, қыстауға барады. Қопарып қазады. Алтын тұрмақ, бақыр да табылмапты. Əсілі, аталары айтқан тұсты дұрыс түсінбеген ғой. Əйтпесе бақиға кетер кісіге өтірік айтып не керек?

    Тіп-тік, жақпар таудың көз ұшындағы анау үңгірді «Кемпір өлген» деп атайды. Ашаршылық за-манында таудың ішінде бидай өскен екен. Оны естіп жан-жақтан адам-дар келе бастаған. Бірақ көбі жол-да қырылған. Сондай бір топ адам Кентау жағынан шығыпты дейді. Жолда барлығы қырылып, жалғыз кемпір жетіпті. Дегенмен оның өзі жақпар таудан төмен түсетін жол таппай, ақырында жаңағы үңгірге келіп жығылып, сол арада жан тəсілім қылыпты. Содан бері «Кемпір өлген» аталады бұл ара. Бидайлыққа жеткендер де болыпты. Жеткенін қайтейік, шикі бидай аш өзектеріне түсіп, тоқшылықты да көтере алмай қырылып кеткендердің бетін та-лай адам таспен жапқан екен. Небір зұлмат, небір қиямет замандардың куəсі ғой бұл Қаратау.

    Түйеде келе жатқандай теңселіп отырып «Кітəн ұшқан» дейтін жер-ге жеттік. Шыңына қарасаң, басың-дағы қалпағың түспесе де, қисайып қалатындай. Құзды қапталдап қос қыран қалықтай ұшады. Шаңқылдаған дауысы жартасқа ба-рып соғылып, құлағымызға анық жетеді. Бұл маңда бүркіттің ұясы ба-рын осыдан-ақ білуге болады. «Кітəн ұшқан» оқиғасының да тікелей бүркітке қатысы бар. Енді соны баян етейік.

    Бұл жағдайдың ел арасында екі нұсқасы бар. Ретімен айтқанда, былай өріледі. Ерте заманда Мүтəн деген кісінің Кітəн деген баласы болыпты. Өзі аңшы, саятшы, əншілігі бар, ат пен құсты қатар баптаған сері жігіт болғанға ұқсайды.

    Қатпар-қатпар Қаратау

    Мәскеу институты түлектерімен кездесті

    (Соңы 8-бетте)

    Кездесуге Парламент Сенаты ның Төрағасы Қ.Тоқаев, Ресей Федера ция-сының Сыртқы істер министрі С.Лавров, Мəскеу мемлекеттік халықара лық қатынастар институтының рек-торы А.Торкунов, ERG компания-сы директорлар кеңесінің мүшесі П.Шодиев, Қазақстанның Сыртқы істер

    министрі Қ.Əбдірахманов қатысты.Əңгіме барысында Нұрсұлтан

    Назарбаев Мəскеу мемлекеттік халық-ара лық қатынастар институты ның мəртебесі ерекше екенін айтып, оның дипломаттар мен сыртқы саясат ведом-стволары қызметкерлерінің арасын-дағы беделі жоғары екенін атап өтті.

    – Мəскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты үнемі көпшілік білім алуға ұмтылатын айрықша оқу орны болды. Жастарымыз қазір де сонда оқығанды қалайды. Біз Мəскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтымен жəне Астанада фили-алы бар Мəскеу мемлекеттік уни вер -ситетімен тиімді байланыстар орнат-тық, – деді Мемлекет басшысы.

    Қазақстан Президенті мемлеке т-аралық диалогты нығайту мəселесіне тоқталып, дипломатиялық кадрларды

    Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына тарту қажеттігін айтты.

    Кездесуге қатысушылар Астана-да өтіп жатқан Мəскеу мемлекет-тік халықаралық қатынастар инсти-туты түлектерінің IV халықаралық форумының ауқымдылығы мен оның елдеріміз арасындағы дипломатиялық байланыстарды күшейтудегі рөлін атап өтті.

    Сурет Президенттің баспасз қызметінен алынды

    Мемлекет басшысының Өкімімен Мүслім Мұхтарұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қыз-метінен босатылды.

    Мемлекет басшысының Өкімімен Оқас Базарғалиұлы Сапаров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

    Телефон арқылы сөйлесті

    –––––––––––––––––––––––––––Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Феде-рациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы с�йлесті, деп хабарлады Қазақстан Прези-дентінің баспас�з қызметі. –––––––––––––––––––––––––––

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, жоғары мемлекеттік лауазымында табысқа жете беруіне ниеттестігін білдірді.

    Əңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік жəне халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелерін талқылады.

  • 2 9 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛСАЯСАТ

    Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

    Ұлттық академиялық кітап-ханада өткен комиссия отыры-сында Мемлекеттік хатшы Пре-зидент Н.Назарбаевтың «Бо-лашаққа бағдар: рухани жаң ғы-ру» атты бағдарламалық ма қа ла-сында бізге ашықтық пен үз дік жетістіктерге бейімділік қа жет -тігін айқындап бергенін айтты.

    «Мемлекет тарапынан отан-дық ғылым мен техника сала-сының дамуына зор мəн бе-ріліп келе жатқанын өздеріңіз білесіздер. Елбасы «Қазақ стан-ның үшінші жаңғыруы: жаһан-дық бəсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында эко-но миканың технологиялық

    тұр ғыдан жаңғыруын жеделдету үшін ғылымды технология мен инновацияға бағыттау қажеттігін атап өтті. Зерттеуші ғалымдар, өндіріс жаңашылдары, ғылыми-техникалық зиялы қауым өкіл-дері ел экономикасының дамуы-на, ұлттың зияткерлік əлеуе тін нығайтуға елеулі үлес қосып жатыр. Біз 2017 жылғы Қазақ-стан Республикасының əл-Фара-би атындағы ғылым мен тех-ника саласындағы Мемле кеттік сыйлығын алу үшін ұсы нылған, алдын ала іріктеуден өткен жұмыстарды таныстыру мен талқылау нəтижелерін қарас-ты рамыз жəне тізімін бекітіп, қорытынды шешім қабыл дап, Елбасына өзіміздің ұсыны-сы мызды айтуымыз қажет»,

    деді Мемлекеттік хатшы. Осы орайда Г.Əбдіқалықова

    əл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мем-лекеттік сыйлық ғылым əрі тех-ника қайраткерлері еңбегін қоғам мен мемлекет тарапынан жоғары бағалауды білдіретінін атап өтті.

    Айта кетейік, екі жылда бір рет жеті сыйлыққа дейін бері-летін бұл сыйлықты Мемлекет бас шысы Тəуелсіздік күні қар-саңында тапсырады деп күті-луде. Биылғы жылы мұндай мара патты алу үшін барлығы 24 жұ мыс түсіп, алдын ала іріктеу-ден соң екінші кезеңге оның 11-і өткен. Əл-Фараби атын-дағы ғылым мен техника сала-сындағы 2017 жылғы Мемле-кеттік сыйлықтың ақша лай көлемі 18,6 млн теңгені құрай-ды. Комиссия отырыс қоры-тындысы бойынша сыйлықты беру үшін Мемлекет басшы сы-ның қарауына ұсынылатын жұ-мыс тардың тізімін айқындады.

    –––––––––––––––––––––––––––––––––Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің т�рағалығымен �ткен палатаның бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспас�з қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––

    Жалпы отырыста халық қалаулыларының назарына тұрғын үй қатынастары бойынша түзетулер бірінші оқылымда ұсынылмақ.

    Сонымен қатар палата отырысында Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз тура-лы келісімге түзетулерге қатысты келісім-хатты

    ратификациялау туралы заң жобасы талқылана-тын болады. Бұл құжат бойынша «Жетібай-Жаңаөзен» автожолының қосымша аумағын енгізу көзделіп отыр. Ол Ресей жəне Түрікменстан елдерімен байланыста Қазақстанның транзиттік əлеуетін арттыруға мүмкіндік бермек.

    Күн тəртібінің жобасы бойынша палатаның бейінді комитеттеріне меншік құқығын қорғауды күшейту жəне төрелік мəселері, сонымен бірге мемлекеттік функцияларды бəсекелестік ортаға беру мəселелеріне қатысты заң жобалары бо-йынша қорытынды əзірлеу мерзімдерін белгілеу ұсынылады.

    Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

    Алқалы жиынды ашқан Пар-ламент Сенатының Төрағасы Қ.То қаев дипломатиялық қыз-мет те білікті мамандар даяр-лауда бұл оқу орнының ма ңы-зы жоғары екендігін айта келіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың форум қатысу-шыларына арнаған құт тық тау хатын оқып берді.

    «Мəскеу мемлекеттік халық-аралық қатынастар институ ты түлектерінің төртінші ха лық ара-лық форумына қош кел діңіздер. Бүгін Астанада халық аралық қатынастар саласында əлемдік деңгейде білікті мамандарды дайындайтын беделді жоғары оқу орны түлектері бас қосып отыр. Университет саяси, қоғам қайраткерлері, дипломаттар, жур-налистер, кəсіпкерлер сынды саңлақтар тобын дайындауда Альма-матер болып саналады. Бұл институт ТМД елдерінде ғана емес, алыс шетелде де жоғары бе-делге ие. Осы жоғары оқу орнын-да заман талабына сай жан-жақты,

    терең білім алуға болады. Қазіргі таңда əлемдік саясаттағы, эконо-микадағы, қоғамдық өмір дегі турбулентті жағдайларда халық-аралық қатынас мамандарына деген жауапкершілік арта түсті. Сондықтан оқу орнының алдағы уақыттарда атқаратын қызметі-нің маңызы зор. Аталған форум-ды ұйымдастыру жақсы дəстүр деп санаймын. Онда түлектер əлемдегі өзекті мəселелер жөнін-де өзара пікір алмаса алады. Барлықтарыңызға форумда жəне алдағы қызметтеріңізде сəтті-лік тілеймін», деп жазылған Н.Назарбаевтың хатында.

    Сондай-ақ форумға қатысу-шы лар алдында сөз сөйлеген Ресей Сыртқы істер министрі С.Лав ров та Қазақстанның бас қала сына жоғары баға берген Ресей президенті Владимир Путин нің арнайы хатын оқып берді. Онда В.Путин Қазақ стан-ның қазіргі Астанасы көпжақты дип ломатияның орталығына айнал ғанын атап өткен.

    «Мəскеу мемлекеттік халық-аралық қатынастар институ-ты түлектер ін ің төрт інші

    халық аралық форумының ашы-луы мен құттықтаймын. Осы жы лы жиынға əр елден қонақ тар келді. Мемлекеттік ведомство қыз мет -керлері, дипломат тар мен ға лым -дар əрі халықара лық қатынас маман дарын Астана қаласы кү тіп алды. Астана – көп жақты дип-ломатия ның, халықаралық эко-номика лық қарым-қатынастың əрі еура зия лық интеграция орта-лығының бірі болып саналады», деп жазыл ған Ресей президентінің құттық тауында, форумды ұйым-дастыр ғаны үшін Елбасына жəне қазақстандықтарға зор алғысын білдірген.

    Өз кезегінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қ.Əбді-рах манов ММХҚИ түлектері халықаралық қатынастар сала-сында ашық диалог пен кəсіби дипломатиялық байланыстардың даму жолында қомақты үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Ал Мəскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректо-ры А.Торкунов болса, осымен төр-тінші рет ұйымдастырылып жат-қан ауқымды шараның ойдағыдай өтуіне атсалысқан тарапқа зор алғысын білдірді.

    Айта кетейік, панельдік сес -сия лар аясында күні бойы жал-ға сын тапқан форум қатысу шы-лары «Жаһандық сауда, жаңа қолдаулар мен ЭКСПО сабақ-тары», «Интеграциялық түйісу-де гі Қазақстан тəжірибесі» жəне «25 жылдан кейінгі посткеңестік қоғам. Білім мен мəдениет сала-сын дағы əріптестік» тақырып -тарында ой бөлісіп, пікір алмасты.

    Түлектердің төртінші форумы––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ) түлектерінің т�ртінші халықаралық форумы �тті. Жиынға Парламент Сенатының Т�рағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат бдірахманов, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, аталған оқу орнының ректоры Анатолий Торкунов, халықаралық деңгейдегі саяси тұлғалар мен қоғам қайраткерлері, дипломаттар және оқу орнының түлегі ретінде әлемнің түрлі саласында жүрген бизнес-қауымдастық �кілдері қатысты.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекеттік хатшы Гүлшара бдіқалықованың жетек ші-лігімен әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы Мемлекеттік сыйлықты беру ж�ніндегі ко-миссияның қорытынды отырысы �тті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Жалпы отырыстыңкүн тәртібі нақтыланды

    Комиссияның қорытынды отырысы

    Медиация – «Жеті жарғының» жалғасы

    Бақтияр ТАЙЖАН,«Егемен Қазақстан»

    Республикалық форумға ҚХА Төрағасының орынбаса-ры – Президент Əкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгеру шісі Дархан Мыңбай, Оңтүстік Қазақ-стан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев, «Атамекен» ұлттық кəсіп керлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұр-жан Əлтаев, Парламент Мəжі -лісінің депутаттары, Жоғар ғы соттың судьялары, Бас про кура-тураның, Білім жəне ғылым министрлігінің, Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің өкілдері, ҚХА жа-нындағы Медиация кеңесінің мү шелері, барлық облыстардағы медиация орталықтарының жетекшілері мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің жанындағы медиация кабинеттерінің мең-герушілері қатысты.

    Форумды Парламент Мəжі-л ісі нің депутаты, Қазақстан хал қы Ассамблеясы Медиация ке ңе сінің төрағасы, заң ғылым-дарының докторы, профессор Бақытжан Əбдірайым жүргізіп отырды.

    – Болашағы біртұтас елдің бар-лық мемлекеттік жəне азамат тық қоғам институттары қызметінің ең басты қағидаты – қоғамдық келісімді сақтау жəне нығайту, – деп сөз бастаған Дархан Мың-бай ойын төмендегідей жинақ-тады. – Осы орайда барлық тарап тардың құқықтары мен бос тан дықтарын құрметтеу ар-қылы бітімгершілікке қол жет-кізуге бағытталған медиа ция институтының ел бірлігі мен қоғамдық келісімді дамыту дағы рөлі зор. Сондықтан Мемлекет бас шы сының Жарлығымен қабыл данған Қазақстан халқы Ассамблея сының 2025 жыл-ға дейінгі даму тұжырым-д а м а с ы н а с ə й к е с е л д е г і

    медиация институттарын дамы-ту Ассамблеяның жаңа бағыт-тарының бірі болып белгіленді.

    Əлемдік тəжірибе көрсетіп отыр ғандай, медиация Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-та түрлі даулар мен жанжалдарды рет-теу дің көп тараған əдістерінің бірі болып табылады. Мысалы, АҚШ-та барлық істердің 93%-ы, Ұлыбританияда 87%-ы, Слове-нияда – 40%-ы, Қытайда 30%-ы соттан тыс қаралады.

    Қазақстан тарихынан Билер институтының араағайындықты қолдану арқылы жұмыс істеген көптеген мысалдарын табуға бола ды. Дала халқы үшін «араағайындық», «бітімгер», «ел-дес тіруші» жəне басқа термин-дер жақсы таныс. Қазақ халқы ежелгі замандарда-ақ даулы мəселелер шықса биге жүгінетін болған. 2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстанның тұтастай құқықтық жүйес і үшін айтарлықтай оқиға болған «Медиация ту-ралы» заң қабылданды. 2011 жылғы 3 шілдеде Үкіметтің қаулысымен Медиаторларды дайын дау бағдарламасы бойын-ша оқыту ережелері бекітілді. Осылайша, елімізде медиация институтын енгізу жəне дамы-ту үшін нормативтік-құқықтық негіз қалыптастырылды.

    Қазіргі кезде Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық медиа-торлар институтын қалыптас-тырып, дамытуға жəне əлеуметтік дау-жанжалдарды алдын ала рет-теуге арналған кəсіби медиа-цияны дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

    Ассамблеяның жалпыреспуб-ликалық инклюзивті желісі да-муда. ҚХА Медиация кеңесі құрылған, Достық үйлері жа-нынан 17 кабинет ашылған, об лыс тарда 13 медиация кеңе-сі жұ мыс істейді, аудандық, ауыл дық деңгейдегі қоғамдық келісім кабинеттерінің саны 1019

    бірлікті құрайды. Оған сондай-ақ: ҚХА-ның 2207 Қоғамдық келісім кеңесі, ҚХА-ның 2141 Аналар кеңесі, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі, ҚХА-ның 16 өңірлік ғылыми-сараптамалық тобы кіреді.

    Бүгінде медиация инсти-туты белгілі бір оң нəтижелер көрсетуде.

    Медиация институтын дамы-ту перспективалары қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік-тің қазақстандық үлгісін жетіл-діру мəнмəтінінде, ел Пре зи-денті бастамашы болған конс -ти ту циялық реформалар бағ дар -ламасы шеңберіндегі демо кра -тия ландыру, сондай-ақ Қазақ -станды үшінші жаңғыр ту мін-деттерін іске асыру шеңбе рінде айқындалатын болады.

    Алқалы жиынға қатысу-шыларды құттықтаған облыс əкімі Жансейіт Түймебаев «Ме-диа ция тараптарды татуласты-рып, өнбес даудың өріс алуына жол бермейді. Елбасының бұл институтты əрі қарай дамыту ісін Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеп отырғандығы сондықтан. Ырысты ынтымақтан іздеген елі-міз қашанда бірлікті бекем дей-тін қадамды ұстанған. Халық тарихындағы билер мен қазы-лар төрелі түйін жасап, ар мен намыстың қамын жеген. Мем-лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдар-ламалық мақаласында көненің көзін дей болған ұлттық құнды-лықтарды заман ағымына сай қайта түлетуді міндеттеген еді. Медиация – баяғы «Жеті жарғы-ның» бүгінгі жалғасы ретін-де халықтың байырғы мəмі-легершілік дəстүрін жалғастырып отыр. Дауласушы тараптарды өзара келісімге келтіріп, ортақ пайым жасауға жетелейді», деді.

    Республикалық жиын ая-сында ҚХА жанындағы Медиа-ция кеңесі мен Оңтүстік Қазақ-стан облысы əкімдігі, ҚХА жанынд ағы Медиация кеңесі мен «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

    Оңтүстік Қазақстан облысы

    Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

    Апталық аясында ұйымдас-тырылған «Контент-Маркет» деп аталатын арнайы сессия кезінде 15 қазақстандық, 7 шетелдік телеарна мен 90 про-дакшн-компанияның өнімдері таныстырылды. Бұдан бөлек, апталықтың алғашқы күні «Астана PR күні» атты конферен-ция өтті. Жиын барысында PR трендтер жəне коммуникация векторының өзгеруі сөз болды. PG Communications компаниясының

    бас директоры жəне Қоғаммен байл аныс жөніндегі ұлттық ассо-циа ция кеңесінің төрайымы Əсел Қарауылова коммуникацияны дамытуды жүйеге түсіру керек еке нін тілге тиек етті. Оның айтуынша, мұндай жиындар PR мамандар мен баспасөз хатшыларының кəсіби деңгейін көтереді. Конференцияда тайм-менеджмент, эмоциялық күйіну жəне KPI көрсеткішін көте ру секілді коммуникация сала сы-ның маңызды тақырыптары төңі-регінде ауқымды пікірталас өтті.

    Жиынның екінші күнінде де бірқатар маңызды басқосулар өтті. Astana Digital Forum деп ата-ла тын шарадан басталған күн бұ-қа ралық ақпарат құралдары жур-налистерінің біліктілігін артты-ру ға арналған семинарлармен жалғасты.

    Форумда цифрлы технология-ларға қатысты күн тəртібінде тұрған бірқатар мəселелер сөз бол ды. Қазіргі таңда цифрлы техно лог ияның жағдайын бағам-дау өте қиын. Қазақстан тара-пының осы жаһандық үдеріске ілесуі жəне ондағы келелі мəсе-ле лерді тал қы лауы еліміздің бағыты дұ рыс екенін көрсетеді. Шалғай ауыл тұрғындары ның цифрлы техно логияға еркін қол жеткізуі бəсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Жиын

    барысында 2021 жылға қарай тағы екі миллион тұрғын интернетке қосылатыны айтылды.

    Іс-шарада мемлекеттік тілге қатысты мəселелер де сөз болды. Қазақша Уикипедияның негізін салушы Нұртай Əшімнің сөзіне сүйенсек, биыл ана тіліміздегі кон тентке сұраныс көбейген. Сондықтан ғаламтордағы қазақ-ша ма териалдарды көбейту уақыт күт тір мейді. Н.Əшімнің айтуынша, кейінгі уақытта ана тіліміздегі Уикипедияны оқитындар саны 35 пайызға көбейген.

    Қазақ тіліндегі контентті көбей ту мəселесі апталықтың алғаш қы күні де сөз болды. «Астана» арнасының бас дирек-торы Лəззат Танысбай əріп-тестерін ана тіліміздегі өнім дер-ді көбейтуге шақырды. Оның пікірінше, қазіргі таңда қазақ-ша өнімге сұраныс жоғары. «Болашақ» корпоративті қоры-ның директоры Динара Шəй-жүнісова да Шоқан мен Абайдың тіліндегі материалдарды көбейту керек деп есептейді. Оның сөзіне сай, Disney секілді алпауыт ком-па ниялардың өнімдерін қазақ тіліне аударып, отандық телеар-налардан көптеп көрсету керек.

    Медиаапталық аясында қазақ тілді бұқаралық ақпарат құра л да ры на арналған біліктілік семи нар лары өтті. Екі бөліктен құрал ған шарада ақпарат тек-серу, жа ңа ме дианың тиімді құрал дары жə не конвергенттік жур налистика се кіл ді мəселелер төңі регінде сөз болды.

    Біліктілікті арттыруға ар-налған семинарда журналис-терге керекті бірқатар көмекші құрал дар таныстырылды. Медиа тре не р лердің сөзіне сүйенсек, Google компаниясының өнімдері медиа саласының мамандарына өте қажет. Сондай-ақ іс-шара бары сында журналистер-дің жалған ақпа ратқа қарсы

    қалай күресуі керек екені де айтылды. Youtube, Google секіл-ді сайттарды пайдаланып, фейк жаңалықпен күресудің жол дары таныстырылды.

    Апталықтың соңғы күні өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының форумы өтті. Жиынға Ақпарат жəне ком-муникациялар министрі Дəурен Абаев пен Мəжіліс депутаты Сауытбек Əбдірахманов қатыс-ты. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген журналистердің жиынын-да министр «Astana Media Week» секілді көлемді шараның еліміз-дегі медиа саласын дамыта-ты нын атап өтті. Сонымен қатар ведомство басшысы БАҚ сала сында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда респуб ликалық жəне өңірлік бұқара лық ақпарат құралдарының өзара əріптестік орнатуы жаңартылмақ. Соған сəйкес аймақтағы медиа құрал-дары республикалық əріптес-терінен емін-еркін материал алмаса алады.

    Форум барысында аймақ-тық БАҚ-тарға жəне журналис-тика саласының күн тəртібіндегі мəселелері айтылды. «Qazaqstan» телеарнасының басшысы Ерлан Қарин телеарналар мен интернет құралдары арасында аудитория-ға тартыс жүріп жатқанын сөз етті. «Болашақ жастар» газеті нің редакторы Дəурен Бабамұратов интернет сайттары рейтинг пен сенсация қуалап, ақпараттың негіз гі бөлігі назардан тыс қалға-нына тоқталды. Ол аталған сайт-тардың басшылығын осы мəсе-леге назар аударуға шақырды.

    Апталықтың қорытындысы ретінде елдегі бірқатар баспасөз қыз меті марапатталды. Осы ған сай «Ең үздік баспасөз қыз меті» аталымы бойынша Инвес ти-циялар жəне даму министрлігі топ жарды. Ал жергілікті ат-қару шы органдар арасынан Батыс Қазақстан облы сының бас пасөз қызметі ең үз дік деп таныл са, компаниялар ара сында «Қазақ стан темір жолы» ак-ционерлік қоғамының асығы алшысынан түсті. Корпоративтік сайттар арасында Астана қаласы əкімінің баспасөз қыз меті озық шықты. «Кəсіби мойын-далу» аталымында Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне тең келер ешкім бол-ған жоқ. Сыртқы істер министр-лігінің баспасөз хат шысы Əнуар Жайнақов жыл дың ең үздік баспасөз хатшысы деп танылды.

    Апталыққа қатысқан маман-дар мұндай іс-шараның қатысу-шыларға озық тəжірибе лермен танысып, шеберлік шыңдауға жəне жаңа технологияларды ел игілігіне пайдалануға берілген үлкен мүмкіндік екенін сөз етті. Сонымен қатар жиынның медиа саласындағы серіктес тік қатынастар мен халықара лық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

    БАҚ саласындағы бірегей жиын

    –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ш ы м к е н т қ а л а с ы н д а ғ ы Қ а з а қ с т а н х а л қ ы Ассамблеясының ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Оңтүстік Қазақстан облы-сы әкім діг інің ұйымдастыруымен «Қоғамды жаңғыртудағы медиацияның р�лі» тақырыбында

    республикалық диспут-форум �тті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астанада бұқаралық ақпарат құралдарына арналған «Astana Media Week» апталығы �тті. Іргелі жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен ақпарат майданының майталмандары мен танымал тұлғалар қатысты. Апталық барысында медиа саласындағы маңызды мәселелер талқыланып, түрлі ұсыныстар жасалды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

  • 9 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛ 3

    Мерзімді баспасөз беттерінің қай-қайсысын ашып қарасаңыз да Елбасы-мыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталған бағдарламалық мақаласы туралы кеңінен талқыланып жатқан пікірлерді көресіз. Қоғамдық ой өрбітуді тудырған осынау келелі мақаланың мəні де, мағынасы да бөлек. Бұл – Ұлт жоспарының аса ауқымды бөлігі. Расымен, осы уақытқа дейін Елбасы Н.Ə.Назарбаев халқымызға жыл сайын өзінің Жолдауын жолдап, халықтың келешегіне бағыттап, жол нұсқап отырды. Ал осы мақаласы – сол жоспарлы жолдаулармен біте қайнасқан, та-мыры бір өзектес асыл идея. Көзі қарақты оқырманға осынау кең құлашты мақала ту-ралы жазылған пікірлер мен үндеулердің бəрі таныс. Белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткерлері де, ақындарымыз бен жазу-шыларымыз да, өнер адамдары да өз ойла-рын ортаға салып, көзқарастарын білдіріп үлгерді. Мен де ел азаматы ретінде осы мақаланы оқып, ұзақ уақыт бойы іштей толғанып, алған əсерімді таразылап, сара-лап көрген едім.

    Туған жер! Бұл – кез келген қазақ баласының жүрегіне жылы тиер сөз емес пе! Туған жер дегеніміз – кіндік қанымыз тамған алтын бесік. Баяғы қадым заман-дарда көшпелі жұртымыз дүниеге сəби келсе, оның кіндігін кесіп, жолдас етін (кіндік түйіншегі) алты қырдан асырып, адам баласының аяғы баспас жерге көміп кеткен екен. Міне, сол жолдас етің – туған жеріңе тартып тұратын магнит іспетті бір құдырет екен. «Туған жерге байлап қойған кіндігін» деген аталы сөз осыдан шықса керек-ті. Ал туған ел – бауырың, ағайын-жұрт, қаймана қазағыңның дəл өзі. Өскен ортаң, қалыптасқан жерің. Қарға тамырлы қазақтың қай босағасы да – өз үйің, өлең төсегің. Тал бесіктен жер бесікке дейін қай қазақ болмасын, өзінің туған жерін аялап, туған елін саялап өтеді. Туған елінен мейірім көріп, туған жерінен шапағат тапқан қазақ баласы қиын-қыстау заманда қаншама өзге этнос өкілдеріне қамқорлық жасап, олардың да жанын аман алып қалды. Бүгінгі Қазақстан қаншама ұлт өкілдерінің қадірлі мекен, бақ орда-сына айналды. Бүгінгі мамыражай тірлік, мызғымас бірлік осы туған жер мен туған елді сүюден басталған қасиеттің өзінен нəр алған. Елбасымыз айтқандай, «тілегі – бір, тілеуі – бір» достығы жарасқан ел емеспіз бе! Ұлы Дала баласының бақыты атақонысы болар, сірə!

    Атажұрт! Бұл – осынау Ұлы Даланың

    сұлу жерлері. «Қазақстанның қасиетті руха-ни құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы – қазақ сахарасының сұлу да көрікті жерлерін əлемге танытуға бағытталып отыр. Бұл жоба – əлемнің көрікті жерлері сияқты туристер мен шетелдіктерді қызықтыра да тамсан-та алатын жерлерді дамытуға, өркендетуге жол ашады. Қазақтың бақ дарып, құт қонған Жиделібайсыны – Алтын Орда мен Ақ Орданың Ұлытауы, ұлы екі дүние есігіндей Түркістан, қойнауы құт – өр Алтай, сай-ын дала – Сарыарқа, жыр елі – Сырдария сағасы, киелі Қазғұрт, жер жаннаты – Жетісу, Сарайшық, Бөкей Ордасы, Жымпиты, Баянтау, Бурабай, Марқакөл... Шіркін-ай, қазақтың киесі мен құтына айналған жер шоқтығы таусылған ба! Əркімге өзінің туған жері ыстық. Осынау Ұлы Даланың баты-сы да, шығысы да, орталығы да, солтүстігі де, оңтүстігі де – күллі қазақ баласының панасы айналған атамекені. Елбасымыз айтқан «Туған жеріңе туыңды тік!» деген қағида – əрбір қазақ азаматына қаратылып айтылған сөз. Жай ғана сөз емес, ұтымды əрі намысыңды қайрайтын сөз. Мəселен, жеке кəсіпкер болып, тасың өрге дома-лап тұрса, ауылыңның игілігі үшін мəдени ошақтар немесе мектеп, балабақша салып, я болмаса жол мəселесін шешіп берсең, қарттардың алғысын алып, жастарға үлгі болар ең. Елбасы осы идеясын айтқаннан бері сең қозғалып, қазақтың қалталы аза-маттары ауыл-аймақтары үшін бірқатар нысандарды салып, халықтың игілігіне ұсынды. Енді осындай азаматтарды «100 жаңа есім» жобасына ұсынып, насихатта-уымыз керек. Қазақтың азаттық жолына түсіп, тəуелсіздігін жариялағанына, міне, 26 жылдың жүзі болды. Осы 26 жыл ішінде еліміздің рухани-мəдени, қоғамдық-саяси өміріне өзінің үлесін қосып, еліміздің атын түрлі спорттық додаларда шығарған спорт-шылар, өнер һəм шығармашылық адамдары, зиялы қауым өкілдері, саясаткер, кəсіпкер, инженер сынды мамандардың да мерейін өсіруге, халыққа танытуға арналған жоба осы – «100 жаңа есім». Бұл «100 жаңа есім» – тəуелсіздік тудырған, Елбасының сарабдал саясаты танытқан мерейі үстем жоба. Бұл «100 жаңа есім» жас өскіннің бет бұрып, бой түзер, бағыт алар айнасына айналады.

    «Мың өліп, мың тірілген» халқымыз басынан небір зұлматты жылдарды, қиын кезеңдерді өткерді. Нəубеттің зардабын тартып, азабын шеккен еліміздің қилы та-рихында бірнеше рет əліпби ауыстырған екенбіз. Қолдан жасалған солақай саясаттың

    салдарынан қайта-қайта əліпби ауыстыру арқылы қазақ өзінің ұлттық құндылы ғы-нан айырылып қала жаздады. Құдай сақ-тап, əйтеуір ұлттық белгіміз бен бояумыз, болмысымыз сақталып қалды. Бүгінгі күн тəртібіндегі өзекті мəселе – латын қарпіне көшу. Ал латын қарпіне көшу дегеніміз – киіз туырлықты қазақтың біраз уақыттан бергі арман-тілегі еді. Латын қарпі – мұқым түркі халықтарының рухани жақындауына мүмкіндік тудырады. Ендігі кезек – Елбасымыз белгілеп көрсеткендей латын қарпінің қазақшаланған таңбасын даярлап, қолданысқа енгізу. Латын қарпіне жылдам көшсек, жаһандануға да қарсы тұратын едік. Жаһандану процесі – кез кел-ген ұлтты өзінің ұлттық құндылығы мен ділінен айырып тастайтын зардабы мен за-лалы көп күш. Осыған қарсы құратын зама-науи жаңашыл тəсіл – «Цифрлы Қазақстан» жобасы. Яғни, электронды кітапхана қорына сан ғасырлық тарихы бар əдеби жəдігерлер мен тарихи шығармаларды құйып, оларды латын қарпінде басып, үш тұғырлы тіл са-ясаты негізінде ресімдеу. Сонда əлемнің кез келген нүктесінен осы жүйені пайда-ланып, қазақтың рухани өмірімен, əдеби жауһарларымен танысуға ешқандай кедергі болмайды.

    Елбасының осынау кең құлашты мақа-ласы – еліміздің болашағы үшін жаса-лып отырған сəтті қадам. Болашақтың кірпіші болып қаланар жастардың ертеңгі алаңсыз өмірлері үшін ешкім де ешқашан да қателеспеуі керек. Сондықтан Парла-мент Мəжілісінің депутаттары Елбасымыз – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауларына қолдау таны-тып, қазақтың көшін алға сүйреуіміз қажет. Қазақтың бұл жолы – жарқын болашаққа қадам басқан нұрлы жол!

    Меніңше, қоғамдық зор резонанс тудырған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – қазақ елінің сатылы дамуына септігін тигізер, күннен-күнге жаңарған нанотехнологиялардың дəуірінде, жаһандану процесі жүрген ХХІ ғасырда қазақ баласының ұлттық рухын сақтап, ұлттық кодын жете тануына мұрсат берген, рухани кедейленудің алдын алуға бағытталған құнды дүние. Сайып келгенде, рухани жаңғыру дегеніміз – ұлт көктемі! Көктемде көгеріп шыққан осынау балау-са идея қазақ елінің мəңгілік мұратына жеткізер деген ойдамыз.

    Марат БОПАЗОВ,Парламент Мәжілісінің депутаты

    Заман талабына сай тарихи қадам

    –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматыдағы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтында «Қазақ жазуын латын әліпбиіне кшірудің зекті мәселелері» тақыры-бында дңгелек үстел тті. Оның жұмысына ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының магистранттары мен док торанттары қатысты.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Рухани жаңғыру – ұлт көктемі

    Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

    Басқосуға Қарағанды жəне Шығыс Қазақстан облыстары мен Том, Ташкент, Қазан қалаларынан мұра ғатшы-ғалым-дар шақырылып, олар Алаш қай рат-керлеріне байланысты тақы рыптық баяндамалар жасады. Ресей Федерация-сы Том облысы Мемлекеттік мұрағат құжат тарды пайдалану жəне жариялау бөлімі нің жауапты археографы Татьяна Шульга 1917 жылдың 8-17 қазан ара-лығында Том қаласында өткен І Сібір облыстарының құрылтайына қатысқан алаш қайраткерлері: Ə.Бөкейханов, Ə.Ермеков, Р.Мəрсеков, Е.Итбаев, т.б. жайлы сақталған архив құжаттарымен таныстырса, Өзбекстан Мемлекеттік мұрағат орталығының аға ғылыми қызметкері Шохида Давурова, қазақ-тан шыққан алғашқы ағартушы-заңгер Бақытжан Қаратаевтың ұлт көсемі Əлихан Бөкейхановқа жазған хатта-ры туралы тың мəліметтер келтірді. Сонымен қатар өзбек мұрағатында Барлы бек Сыртанов, Отыншы Əлжанов, Тұрсынбай Саурамбаевтың үйін тінту-дің мақсаты туралы құжаттарды жəне қазақ инженері Мұхамеджан Тыныш-паевтың 1920 жылы Қырғыз институты комитетіне математикадан сабақ беруге келіскені жайлы мандаты сақталғанын айтты.

    Татарстандық мұрағатшы Гузель Фаезова Қазанда оқыған қазақ тар-ға қатысты ақпаратпен көпшілікті

    қанықтырды. Бұл деректердің дені бұған дейін қазақстандық зерттеушілер тара-пынан қаралған, зерттелген, жазылған дүниелер.

    Дейтұрғанмен, жиынға қатысу шы-ларды қызықтырған дүние – Семей қала сындағы «Қазіргі заман тари хын құ жаттандыру» мекемесінен жəне Қарағанды облысы мемлекеттік мұра-ғатынан əкелінген құжаттар. Əсі ресе семейлік жəдігерлердің əрбірінің аста-рында терең тарих, халқының баян-ды болашағы үшін басын бəйгеге тік-кен арыстардың еңбегі жатқаны анық. Өйткені Семей қаласының бір бөлігі, нақтырақ айтсақ, Ертістің сол жақ қапталы 1917 жылдан бастап 1927 жылға дейін «Алаш қаласы» (бұрынғы Зареч-ная Слободка) деп аталды. Яғни, Алаш арыстарының басы қосылып, ұлты үшін отқа түскен ордасы осы жер.

    Жоғарыда атап өткеніміздей, 1917 жылы қазан айында Томдағы сібір-ліктердің сиезіне қатысып, келесі кезек-те қазақ қамын ақылдаспаққа Семейге келіп түскен Əлихан Бөкей ханов ты қаптаған ел-жұртпен бірге қарсы ал ған 24 жастағы ақын Сұлтанмахмұт Торай-ғыровтың:

    Көш бастаған еріміз,Көкіректен кеткендей,Сізді көріп шеріміз,Алаш туын қолға алған,Қараңғыда жол салған,Арыстаным келіңіз! – деп күңірене

    жырлайтыны да осы кез. Сөйтіп Семейге келіп жиналып, ел

    болудың қамына кіріскен алаштықтар əуелі Алаш атты əскерін құруды қолға алғаны белгілі. Біз құжаттар арасы-нан аталған жасақты құру туралы ұйымдасқан адамдардың тізімі мен атты əскер полк командирі капитан Тоқтамышевтің қолы қойылған хатты жəне Алаштың көзі мен құлағы болған «Сарыарқа» газетінің 1919 жылғы санының алғашқы бетін көріп қалдық.

    Бұлардан басқа көрме сөресі нен алаш қайраткерлерінің бірі А.Қозы-бағаровты тұтқындау туралы ордер, Х.Ғаббасовтың қызметі жайлы кəр-тішкесі, 1906 жылы Ə.Бөкейхановтің 10 қаңтар мен 20 ақпан аралығында түрмеге алынғанына қатысты анықтама, «Алаш» партиясының 5-ші далалық сай-лау округіне қатысушылардың тізімі, Алашорда халық кеңесінің Семей уездік земство басқармасының 1918 жылы жазған бір топ хаттары, сонымен бірге Ə.Ермеков, Р.Мəрсеков, М.Тұрғынбаев, Х.Ғаббасов, М.Тынышпаев сияқты алаш арыстарының жеке-жеке іс-папкалары, Халел Досмұхамедовті Түркістан комиссиясының мүшелігіне тағайындау

    туралы бұйрықтың көшірмесі, т.б. құнды құжаттарды көріп, көзайым болдық.

    Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағат мекемесі алаш ардақтысы құқықтану магистрі-заңгер Жақып Ақпаев туралы бұрын-соңды қоғамдық талқыға түспеген тың құжаттарды əкелген екен. Бұл дүниелерді Ресей жəне еліміз архивтерінен жинақтап, тапсырған қазіргі сенатор Бірғаным Əйтімова.

    Астана қалалық мемлекеттік мұра-ғаты өз қорында тұрған қоғам қай рат-кері Сəкен Сейфуллин мен Мағ жан Жұмабаевтың Омбы мұғалім дер се-минариясында оқып жүрген кезін дегі құжаттарын, алаш азаматтары Н.Нұр-мақов, М.Сейітов, А.Бірім жанов тың же-ке-жеке жинақталған іс-парағын көрер-менге ұсыныпты.

    Алашқа қатысты құжаттар мұнымен шектеліп қалмайды. Бізге арнайы сұхбат берген Семей қалалық «Қазіргі заман та-рихын құжаттандыру орталығы» ғылыми-анықтамалық аппарат жəне құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Лаура Қадырова өздеріндегі мұрағат қорында

    жоғарыдағы жəдігерлерден басқа Алаш атты əскеріне 18 болыстан шақырылған 430 сарбаздың аты-жөні жазылған тізім жəне сарғайған қағаз беттерінде «Алашорда» үкіметінің мөрі (мəтіннің орысшасы кирилл, қазақшасы араб гра-фикасымен жазылған) сақталғанын ай-тып өтті.

    Маңызды жиынды қорытындылаған Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этно логия институтының директоры Зия бек Қабылдин тарихты тану деге-ні міз – жай сөз емес бүгінгідей құжат-талық деректердің дəлелі екеніне, сон-дай-ақ биылғы алаштың даталы мере-кесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа ласымен үндесіп жатқанына, оның қоғам дық маңызын арттырып тұрғанына тоқ талды. Конференция қонақтары баян-да машылардың пікірін тыңдау мен қатар тақырыпқа қатысты деректі фильм дерді де тамашалады.

    Суреттерді түсіргенОрынбай БАЛМҰРАТ,

    «Егемен Қазақстан»

    Құжаттар көрмесіАЛАШ-100

    «Алашорда» халықтық кеңесінің хаты. 1918 жыл Капитан Тоқтамышевтің қолы қойылған хат «Сарыарқа» газетінің 1919 жылғы саны

    –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––ткен аптаның соңы жұма күні елорда трінде тағы бір маңызы зор тарихи-мәдени шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, биыл құрылғанына 100 жыл толып отырған «Алаш» партиясы мен «Алашорда» халықтық кеңесінің іс-қызметіне қатысты архивтік құжаттар таныстырылымы тіп, сонымен бірге Астана қаласы мемлекеттік мұрағат басқармасының мұрындық болу-ымен «Алаш: замандастар кзқарасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын аяқтады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Арман ОКТЯБРЬ,«Егемен Қазақстан»

    Еліміз бойынша қызу тал-қы ланып жатқан тақырыптың өзек тілігіне тоқталған ғалымдар тарихи шешімнің алдында жан-жақты сарапқа салынған барлық ережеге сай тиімді тетікті табуы-мыз керек дегенді айтты. Яғни, барлық ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бірауыздан қол даған нұсқаны нысанаға алып, əр түр лі ұсыныстарды бір арнадан тоғыс-тыру көзделді.

    Қазіргі технократты əлемде бір əліпбиден екінші əліпбиге өту кез келген халыққа, кез келген ұлттық тілге ауқымды зардаптар тигізеді. Бұл бірінші кезекте тілдің жалпыға таныс əмбебап қызметімен бай-ланысты, əрине жаһандану жəне ақпараттандыру ғасырындағы білім мен ақпараттың рөлі ерек-ше. Қазіргі таңда əлемдік эконо-мика саласында білім, іскерлік жəне дағдылар индустриясы өте тиімді болып жатыр. Сонымен бірге барлық əлемдік ғылыми жəне мəдени ақпарат ағылшын тілі негі зінде баяндалып, көрсетілуде. Осылайша, қазақ тілінің кирилл əліпбиінен латын əліпбиіне өтуі

    маңызды рөл атқарады. Ал латын əліпбиі жалпыəлемдік ақпараттарға Қазақстанның əлеуметтік-мəдени дамуындағы қазіргі талаптардың балама нұсқасы болып табылады, дейді Философия, саясаттану жəне дінтану институтының директоры, саяси ғылымдардың докторы, про-фессор Ақан Бижанов.

    Басқосуда қазақ жазбасының латын əліпбиіне өту мəселесін маман дардың кең жəне білікті талқы лау барысында алға қойыл-ған маңызды мəселелер бойын ша бірнеше пікірлер ортаға шыға-рыл ды. Атап айтқанда, тіл білімі мамандары тарапынан диграфтық немесе диакритикалық жүйенің қабыл данылуы маңызды екені атап өтілді. Бұл лингвистикалық мəселе қазақ тілінің жаңа əліпбиін алға қарай дамыту үшін бірден-бір маңызды фактор болып табыла-ды. Бұдан басқа латын графика-сына көшудің мəдени жəне сая-си-əлеуметтік аспектілері қарас-тырылды. Дөңгелек үстелдің спи-кер лері жалпы түркілік тамырдың қайта қалпына келтірілуін жəне ла-тын əліпбиінің креативті əлеуетін пайдалану қажеттілігін атап өтті.

    АЛМАТЫ

  • 4 9 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛ

    Идеялар қорлау емес, қолдау күтеді

    Менің бір танысымның жол апаттарының алдын алатын «ақылды қондырғы» ойлап тапқанына біраз жылдың жүзі болды. Анда барды, мында барды, еш нәтиже шығар емес. Ендігі ойы – шетелге ұсыну.

    Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Алматыда «iPhone» теле-фондарын қолдан жасаған жігіттерге қатысты ойын Фейсбуктегі парақшасында: «Жігіттер iPhoneды қолдан жасаған?! Меніңше, оларға заңды өндіріспен айналысуға мүмкіндік беру керек. Бір техно-парктен техника жасау цехын ашу керек. Жеңілдікпен қаржы беру керек. «Цифрлы Қазақстан» тура-лы жарияладық емес пе?! Егер ба-лалар түпнұсқа платалар мен ар-зан бөлшектерден iPhone жасап шығарған болса, олардың қолынан көп нәрсе келетіні белгілі. Сондайақ кәсіпкерлік бастамалары жа-ман емес екен», дегенін оқыдым. Әлеуметтік желіде лауазымды тұлға емес, жеке адам ретіндегі көзқарасын ашық білдіргені ұнады. Шіркінай, осындай көзқарас, осындай пайым әрдайым мемлекеттік орындарда отырған лауазым иелерінен табы-лып жатса, қаншама жақсы идеялар жүзеге асып, елдің игілігіне жұмыс істеп, орасан зор пайда әкелер едіау деп ойладым.

    Мәселен, дейді бір өнертапқыш әрбір қалада қыс айларында жеке сектордың көмір жаққанынан ауа ластанады. Қаланы жылумен қамтамасыз ететін ірі ЖЭСтерден шыққан ыс мөлшері қадағаланады, ал жеке сектордағы әр үйге оны қою тіпті мүмкін емес. Бұл жерде нақты шешімнің бірі ретінде жекеменшіктегі жер үйлердің барлығын түнгі та-рифке негізделген электр қуатымен жылытуға көшіру тиімді болар еді. Мұнда біріншіден, қаншама адам ыс тиіп, уланудан зардап шекпейді, екіншіден, жылуға түнгі төлемнің арзандатылған бағамымен төлеу халықтың да қалтасына салмақ сал-мас еді. Бірақ бұл идея қолдау таппай отыр. Мәселен, ЭКСПОға дайындық барысында мен жел қуатымен жұмыс істейтін тоңазытқыштың сызбасын жасадым. Оны да қолдаған бір адам таппадым, дейді.

    Бірнеше жыл бұрын тағы бір таныстың баласы нанотехнологияға негізделген жаңалық ашқан. Жас жігіт ел кәдесіне асатын техноло-гиясын барлық жазбасызбасымен көтеріп, әуелі Білім және ғылым министрлігіне барды. Селт еткен ешкім болмады. Содан тыңдарау деген есіктердің бәрін қағып, ақыры тауы шағылып, өз елінде жаңалықты ешкім де керек қылмайтынын түсінген жігіт жобаны АҚШқа жол-дады. Мұхиттың ар жағындағы ал-пауыт елдің құлағы елең ете қалған. Ақырында НАСАдан шақырту келді. Жас жігіт идеясымен, технологиясы-мен, ең бастысы, ұлтына әлі де бе-рер ілімбілігімен бір жарты шардан екінші жарты шарға қоныс аударды. Өз елінің емес, өзгенің қуатын арт-тырып, технологиясын жетілдіріп, ақылына ақыл қосып, өзге жұртты ілгерілетуге кете барды.

    А л А л м а т ы д а ж а л ғ а н г а д -жет жасап келген азаматтарды қалалық мемлекетт ік к ір істер департаментінің қызметкерлері ұстап, 30 дана «iPhone» телефо-нын тәркілепті. Сарапшылардың айтуынша, бұл заңсыз гаджеттерді түпнұсқадан ажырату өте қиын к ө р і н е д і . С е б е б і , т е л е ф о н д ы құрастыруда жедел жады мен орталық процессордың түпнұсқасы қ о л д а н ы л ы п , г а д ж е т т і ң ө з г е бөлшектері арзан , қолжетімді тетіктерден құралған екен. Мұндай жігіттерді қудалағанша, қаржы бөліп, цех ашып беріп, қолжетімді гаджеттер шығаруды қолға алса ше? Бүгінде бұл жігіттердің үстінен та-уар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалыпты.

    Айтайын дегеніміз, әрбір жақсы идеяны дер кез інде демеп жіберудің тапшылығынан еліміздің де, азаматтарымыздың да пайда таппайтынын, жүрегі шайлыққан «ақылды мидың» өрісін шекараның арғы бетінен іздеуінің зиянын жеткізу болатын. Бұл «жаны ашымастың қасында басың ауырмасын», «Біреудің жоғын біреу өлең айтып жүріп іздейді», «Аузыма тимес қартаның қалай піскенінде не шаруам бар» дейтін жаны ашымастықтың көрінісі ме? Бойымызда бар базарымыздың парқына жетіп бағаламай, нарқына сәйкес қимыл танытпай отыра берсек көш соңында шаң жұтып қалуымыз кәдік.

    Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

    «Уақып» қорына қаржы түсе бастады

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен Қазақстандық «Уақып қоры»» корпоративтік қайырымдылық қоры жанындағы Қамқоршылар кеңесінің екінші отырысы өтті.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Арман ОКТЯБРЬ,«Егемен Қазақстан»

    Ауқымы кең ісшара жыл сайын өз алаңында бе дел ді саясат керлерді, әлем дік және отандық бизнес көш бас шы ларын, инвестициялық корпора циялар мен қаржы институт тарын және халықаралық ұйым дар басшы-ларын жинайды. Осы лайша, әлемнің әр түкпірі нен келген түрлі бизнес өкілдері жоспарла-рымен бөлісіп, түрлі ұсы ныстар айту арқылы мақ сат тілектерін бір арнадан тоғыс тырады.

    Ісшараны жүргізген отандық тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының негізін қалаушылардың бірі Арманжан Байтасов биылғы басқосудың маңыздылығына тоқтала келіп, форумның басты ерекшелігі оның бизнес міндеттерге толық бейімделуінде екенін айтты. Яғни форумның басты міндеті – шетелдік инвесторларды тар-ту, сондайақ іске асырылған жобалармен қатар, инвестициялар салуды қажет ететін келе-шек жобалардың тұсауын кесу. Бұдан бұрын өткен форумның

    қорытындысы бойынша қазіргі кезде 7,7 млрд теңгенің 5 жоба-сы іске асырылып, 1230 жұмыс орындары құрылған.

    Биылғы бағдарламада логистика, білім, тамақ өнеркәсібі және кино өндірісі тақырыбына арналған 4 бағыт бойынша өзекті мәселелер легін ортаға са лу көзделген. Осы жылы кино продюсерлерін инвести ция лау үшін Алматы қаласының тартымдылығына арналған теңдесі жоқ сессия өткізу туралы шешім қабылданды. Қатысушылар жо-баларды продюсерлеу бойын-ша өзара тәжірибе алмасып, кино мектептерін құру жайлы жоспарларын ортаға салды. Форум аясында кино және ТВүдерістерін ұйымдастыруды жеңілдететін құралдардың тұсауын кесу де назардан тыс қал мады. Мамандардың айтуынша, бұл өз кезегінде салаға салы натын инвестициялардың ағы мын ынталандыруға мол сеп тігін тигізбек.

    – Соңғы бес жылда қала халқының саны екі есеге ұлғайған. Үш миллионға жуық халық шоғырланған мегаполистің

    экономикалық әлеуеті артып, инвестициялық тартымдылығы да дами түскен. Алматы бизнес пен жеке капиталдың қаласы. Соңғы екі жылдың өзінде жеке инвестициялар көлемі 25%ға, ал шетелдік инвестиция 20%ға өскен. Әлемдік рейтинг негізінде 2016 жылдың қорытын дысына сәйкес Алматы әлем дегі өмір сүруге қолайлы, қым бат емес қалалардың қатары нан табылған. Мұның бір ғана мысалы, Алматыға 23 күнге жай ғана гольф ойнап қайту үшін Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдердің азаматтары арнайы келеді екен. Алматы еліміздің қаржы орталығы ғана емес, руханият пен мәдениеттің көркем көрініс тапқан мекені. «Almaty Invest 2017» форумы көптеген игі бастамаларға жол ашады деген сенімдеміз – дейді форумның ашылу салтанатын-да сөйлеген сөзінде қала әкімі Бауыржан Байбек.

    Логистикаға, білімге, та мақ өнеркәсібіне және кино өндірісіне арналған негізгі талқылау сессияларынан басқа, форум шеңберінде «Халықаралық инвестициялық тәжірибе» тақыры бында ТВталқылау өтті. Талқ ылау барысында инвестор-лар мен экономистер мегопо-лиске шетелдік инвестиция-ларды тартудың үздік әлемдік тәжірибесі жайлы айтты.

    АЛМАТЫ

    Жолдыбай БАЗАР,«Егемен Қазақстан»

    Кездесуге Қамқоршылар кеңесінің барлық мүшелері қатысты. Қор қаржысына бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін кеңес мүшелерінің отырысында министр Н.Ермекбаев халықтың әлеуметтік осал топтарына, діни ғимараттар мен Қазақстанның шалғай өңірлеріндегі дін қызмет керлеріне қолдау көрсетуге бағытталған жобаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

    «Қазіргі уақытта қайы рымдылық қорына алғашқы қаражат келіп түсті. Бірінші жарнаны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жасады. Кейбір коммерциялық ұйымдар мен жекелеген тұлғалар Қормен ынтымақтастық орнатуға үлкен ықылас білдіруде және өз дерінің алғашқы қаржылай көмектерін көрсетіп үлгерді», деді Нұрлан Ермекбаев.

    Кеңес отырысы бары сында министр Қор құрылтай шыларының жалпы жиналысының шешімімен тағайындалған Қам қоршылар кеңесінің жаңа

    мүшесі және хатшысы Еркін Оңғарбаевты таныстырды.

    Өз кезегінде «Уақып» Қорының президенті Қайрат Айтбай Қордың қайырымдылық бағдарламасы мен жұмысын таныстырып өтті. Күн тәртібін де бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды, оларды қарау нәтижелері бойынша Қордың қайырымдылық бағдарламалары, қайырым дылық көмек көрсету жобала-рын іріктеу ережелері, Қордың көмек алушыларының есеп беру тәртібі, Қордың жұмыс жоспа-ры және 2017 жылға ар нал ған бюджеті бекі